Жарнама

Футбол
Бүгін 15:22
 

"Маймыл деп қорлады". Мбаппе құрамадан кету шешімі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Маймыл деп қорлады". Мбаппе құрамадан кету шешімі жайлы ©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе карьерасындағы ең қиын кезеңдердің бірі туралы ашылып айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе карьерасындағы ең қиын кезеңдердің бірі туралы ашылып айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

The Bridge подкастындағы Орельен Тчуамени және Ашраф Хакимимен сұхбат барысында франциялық футболшы Еуро-2021 турниріндегі оқиғаларды еске алды. Атап айтқанда, Швейцарияға қарсы матчта пенальти сериясында шешуші соққыны мүлт жіберіп, Франция құрамасының күтпеген жерден жарыстан шығып қалуы оған ауыр соққы болған.

Мбаппенің айтуынша, сол сәттен кейін ол үлкен қысым мен қорлауға тап болып, тіпті ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтау туралы да ойлаған.

"Мен құрамадан кеткім келді. Францияны өмірімде тым жоғары қойғанымды түсіндім, бірақ, бір қателік жібергенімде, көп адам мені қорлап, маймыл деп атады.

Сонда мен: осы адамдар үшін алаңға шығып, күресемін бе? - деп ойладым", - дейді ол.

Футболшы бұл кезеңнің өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болғанын жасырмады. 2018 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін ұлттық қаһарман атанған ол, келесі ірі турнирде ауыр күйзеліс кешкен.

"Сол жазда мен тірі өлік сияқты болдым. Мұны өте ауыр қабылдадым. Осындай құлдыраудан кейін өз-өзіңе келу қиын", - деді Мбаппе.

Оның айтуынша, дәл сол кезде ол ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтауды шындап ойлаған. Алайда Франция футбол федерациясының президенті онымен жеке сөйлесіп, асығыс шешім қабылдамауға көндірген.

Сондай-ақ Килиан Мбаппе "Реалдағы" ойынына қатысты сын-пікірлерге де тоқталды. Әсіресе қорғаныста аз жұмыс істейтіні жиі айтылатынын мойындап, алайда, кей сәттерде оның қорғаныстағы әрекеттері командаға пайда әкелетінін атап өтті.

"Иә, мен кейбір ойыншыларға қарағанда қорғаныста аз жұмыс істеймін, кейде бұл мәселе болуы мүмкін. Бірақ мен қорғанысқа қосылған кезде, оның командаға нақты пайдасын тигізетінін сеземін.

"Реалда" бұл анық байқалады - мен қорғанысқа араласқанда, басқалар да қарқынын арттырады.

Мені осы үшін сынайды, бірақ мен оны конструктивті сын ретінде қабылдаймын", - деді ол.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!