Футбол
Бүгін 16:06
 

Майкл Олисе "Реалға" ауысуға келісті

  Пікірлер

blog.share

Майкл Олисе "Реалға" ауысуға келісті ©Depositphotos/vitaliivitleo

Мюнхендік "Бавария" мен Франция құрамасының вингері Майкл Олисе маусым аяқталғаннан кейін мадридтік "Реалға" ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мюнхендік "Бавария" мен Франция құрамасының вингері Майкл Олисе маусым аяқталғаннан кейін мадридтік "Реалға" ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олисе "Реалға" ауысқысы келеді

El Nacional басылымының мәліметінше, франциялық футболшы мансабын Мадридте жалғастыруға қызығушылық танытып, "Сантьяго Бернабеу" стадионында өнер көрсетуді армандайды. Бұған дейін БАҚ "корольдік клубтың" да футболшыны өз қатарына қосуға мүдделі екенін жазған.

Сонымен қатар "Бавария" Олисені сақтап қалып, онымен келісімшартты ұзартуды көздеп отыр. Вингерді жаңа келісімге қол қоюға дайын, алайда бір маңызды шарт қойды - келісімшартқа нақты өтемақы сомасын көрсететін тармақ енгізілуі керек.

Футболшының ойынша, мұндай шарт оған болашақта "Реалға" кедергісіз ауысуға мүмкіндік береді. Алайда мюнхендік клуб бұл талаппен келіспеген. Осыған байланысты жаңа келісімшарт бойынша келіссөздер жазға дейін кейінге шегерілді.

Олисе "Баварияның" көшбасшыларының біріне айналды

Олисе мюнхендік клубта 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол лондондық "Кристал Пэлас" клубынан 53 миллион еуроға ауысқан. Осы уақыт ішінде франциялық футболшы команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.

Қазіргі маусымда 24 жастағы вингер жоғары нәтижелілік көрсетіп жүр: Олисе жеті матч өткізіп, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Футболшының "Бавариямен" қазіргі келісімшарты 2029 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Олисеның нарықтағы құны 180 миллион еуроға бағаланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!