Майкл Кэррик "Манчестер Юнтайтед" командасынан кеткенін хабарлады

3 желтоқсан 2021 17:16
©"Манчестер Юнайтед" ФК

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы, Оле Гуннар Сульшер кеткеннен кейін бас бапкердің міндетін атқарған 40 жастағы Майкл Кэррик клубтан кету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы манчестерлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

"Манчестер Юнайтед" Кэрриктің жетекшілігімен үш ойын өткізді. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде "Вильярреалды" жеңіп (2:0), Англия чемпионатында "Челсимен" тең ойнады (1:1) және "Арсеналды" (3:2) жеңді.

Айта кетейік, Англия чемпионатының 15-ші турында "Кристал Пэласпен" өтетін ойыннан бастап команданы неміс маманы Ральф Рангник жаттықтыратын болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: