"Тобыл" футбол клубы бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевпен арадағы ынтымақтастықтың тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық маманның жетекшілігімен команда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алып, өткен маусымды чемпионаттың қола жүлдесімен аяқтады.
Клуб өкілдері Нұрбол Жұмасқалиевке атқарған жұмысы, кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Оны «Тобылда» аңызға айналған тұлғалардың бірі деп бағалады.
– «Тобыл» клубтың аңызы Нұрбол Жұмасқалиевке атқарған жұмысы, кәсібилігі және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді, деп жазды.
Алайда Қазақстан Премьер-лигасының (ҚПЛ) жаңа маусымын қостанайлықтар сәтсіз бастады: команда төрт рет жеңіліп, екі матчта тең түсті. Қазіргі таңда "Тобыл" турнир кестесінде 15-орында, яғни соңғы орындардың бірінде тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жарнама