Каталондық "Барселона" клубының бас бапкері, германиялық маман Ханс-Дитер Флик 2025/26 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Испания чемпионатының үздік бапкері атанды. Бұл туралы Ла Лиганың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
61 жастағы "көк-анарлылар" тізгінін ұстаған маман үшін бұл марапат қатарынан екінші рет бұйырып отыр.
Дауыс берудегі бәсекеМаусымның үздік бапкері атағы үшін таласта Флик "Хетафенің" бас бапкері Хосе Бордаласты және "Вильярреалдың" жетекшісі Марселино Торальді басып озды.
"Барселонаның" чемпиондық маусымыХанси Фликтің жетекшілігімен "Барселона" Испания чемпионы атағын қайтадан жеңіп алды. Каталониялық клуб 38 тур қорытындысы бойынша 94 ұпай жинады.
Сондай-ақ "Барселона" маусымды лигадағы ең нәтижелі команда ретінде аяқтап, қарсыластар қақпасына 95 гол соқты. Чемпионат барысында команда небәрі алты рет жеңіліс тапты.