1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 13:14
 
Маусым қорытындысы бойынша Ла Лиганың үздк бапкері анықталды

  Пікірлер

blog.share

Маусым қорытындысы бойынша Ла Лиганың үздк бапкері анықталды ©"Барселона" ФК

Каталондық "Барселона" клубының бас бапкері, германиялық маман Ханс-Дитер Флик 2025/26 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Испания чемпионатының үздік бапкері атанды. Бұл туралы Ла Лиганың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

61 жастағы "көк-анарлылар" тізгінін ұстаған маман үшін бұл марапат қатарынан екінші рет бұйырып отыр.

Дауыс берудегі бәсеке

Маусымның үздік бапкері атағы үшін таласта Флик "Хетафенің" бас бапкері Хосе Бордаласты және "Вильярреалдың" жетекшісі Марселино Торальді басып озды.

"Барселонаның" чемпиондық маусымы

Ханси Фликтің жетекшілігімен "Барселона" Испания чемпионы атағын қайтадан жеңіп алды. Каталониялық клуб 38 тур қорытындысы бойынша 94 ұпай жинады.

Сондай-ақ "Барселона" маусымды лигадағы ең нәтижелі команда ретінде аяқтап, қарсыластар қақпасына 95 гол соқты. Чемпионат барысында команда небәрі алты рет жеңіліс тапты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!