"ПСЖ" бас бапкері Маурисио Почеттино франциялық клубпен келісім-шарты аяқталмайынша ешқандай командаға бармайтынын айтты.
"Мен өзімді Парижде бақытты сезінемін. Клуб пен жанкүйерлерімізді жақсы көремін. Біз Франция чемпионатында көш бастап тұрмыз. Турнир кестесіндегі жағдайымыз жақсы", - дейді аргентиналық маман.
Еске салайық, жуырда "Манчестер Юнайтед" басшылығы Оле-Гуннар Сульшерді қызметінен босатқан соң, оның орнына бірнеше жаттықтырушыны қарастыруда. Кандидаттардың арасында Роберто Манчини, Руди Гарсия, Унаи Эмери, Зинедин Зидан және басқа да белді бапкерлер бар.