Мадридтік "Реалда" соңғы жылдардағы ең ауқымды құрамдық қайта құру жұмысы басталуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мауринью қорғанысты күшейтпекReal Madrid Xtra мәліметінше, қазірдің өзінде "корольдік клубтың" бас бапкері қызметіне басты үміткер саналатын Жозе Моуриньюдің жобасы үшін жаңа команда жасақтауға кіріскен.
Хабарламаға сәйкес, клуб басшылығы алдағы трансферлік кезеңде құрамды күшейту үшін 300 миллион еуродан астам қаржы бөлуге дайын.
Мадридтіктердің басты мақсаттарының бірі – "Бавария" мен Франция құрамасының вингері Майкл Олисе. Бұған дейін бұл трансфердің құны шамамен 150 миллион еуро болуы мүмкін екені хабарланған еді.
Сонымен қатар, командаға тағы бірнеше жаңа ойыншының келуі күтілуде. Олардың қатарында Ибраима Конате, "Интердің" қорғаушысы Дензел Дюмфрис, сондай-ақ, бір немесе екі жартылай қорғаушы мен сол қаптал қорғаушысы бар.
Алайда мұндай ауқымды трансферлік науқанды қаржыландыру үшін клуб тек сатып алумен шектелмей, ойыншыларды сатуға да мәжбүр болады.
Бәсекелестік пен бапкерлер штабының ұстанымыМәліметтерге сәйкес, мадридтік клуб жаңа бапкерлер штабының жоспарына кірмейтін бірқатар футболшымен қоштасу арқылы шамамен 200 миллион еуро табыс табуды көздеп отыр.
Командадан кетуі мүмкін ойыншылар қатарында Фран Гарсия, Дани Себальос, Эдуардо Камавинга, Гонсало Гарсия және Федерико Вальверде аталады.
Әсіресе Вальверденің ықтимал кетуі үлкен резонанс тудыруы мүмкін. Уругвайлық жартылай қорғаушы бірнеше жыл бойы команданың көшбасшыларының бірі әрі құрамдағы ең әмбебап футболшылардың бірі саналып келеді.