Мауринью жаттықтыратын "Тоттенхэмнің" бірінші жеңілісі "Манчестер Юнайтедтен" болды

5 желтоқсан 2019 11:28
© Footboom.com
"Манчестер Юнайтед" Англия чемпионатының 15-ші турында "Тоттенхэмді" ұтты.

"Олд Траффорд" стадионында өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. "Юнайтед" сапында Маркус Рэшфорд (6-шы және 49-шы минут) дубль жасады, екінші голды пенальтиден салды. "Тоттенхэм" командасында Деле Алли (39-шы) гол соқты.



Осылайша, "Тоттенхэм" Жозе Моуринью жаттықтыруымен алғаш рет ұтылды, маман команданы 20 қарашада қарамағына алған еді. Бұған дейін португалиялық маман тап осы "Манчестер Юнайтедті" жаттықтырған, бұл командадан 2018 жылы желтоқсанда кеткен.

"Тоттенхэм" 20 ұпаймен АПЛ турнир кестесінде алтыншы орыннан сегізге сырғыды. "МЮ" (21) оннан алтыншы орынға көтерілді.
Жаңалықтар