Франция құрамасы Украина командасын ірі есеппен ұтып, футболдан әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өткен матч 4:0 есебімен франциялықтар пайдасына аяқталды.
55-минутта есеп ашылды: Килиан Мбаппе пенальтиді сабырлы түрде орындап, командасын алға шығарды. Қызығы, бұдан бірнеше минут бұрын VAR француздардың қақпасы жанындағы эпизодқа араласқанымен, төреші Украинаға 11 метрлік айып добын бермей қойды.
Екінші таймда франциялықтар ойынды толық бақылауына алды. 76-минутта Майкл Олисе Илья Забарныйдың өрескел қателігін пайдаланып, есепті еселеді. 83-минутта Мбаппе дубль жасап, нәтижені ірі жеңіске жеткізді. Ал 88-минутта Уго Экитике гол соғып, матчтағы есепке нүкте қойды.
Франция бес турдан кейін 13 ұпай жинап, D тобында сенімді түрде көш бастап келеді және ЧМ-2026 финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Украина жеті ұпаймен үшінші орында. Соңғы турда Франция сырт алаңда Әзірбайжанмен ойнайды, ал Украина өз алаңында Исландияны қабылдайды.
13 қарашадағы матч нәтижелері:
Армения – Венгрия 0:1
Әзербайжан – Исландия 0:2
Норвегия – Эстония 4:1
Молдова – Италия 0:2
Англия – Сербия 2:0
Андорра – Албания 0:1
Ирландия – Португалия 2:0
Франция – Украина 4:0.
Жарнама