"Матчке қазақ ойнайтындықтан келдім". UFC файтері Қазақстан құрамасы футболшысының ойынын жоғары бағалады

Сурет: "Оренбург" ФК
UFC-де өнер көрсететін ресейлік файтер Дамир Ысмағұлов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында "Оренбург" - "Спартак" матчіне не үшін барғанын айтты. 

Ысмағұлов Орынбор тумасы, ал Исламбек Қуат жергілікті клубқа биыл қаңтарда ауысып барған.

"Жақсы матч, бірақ, сұмдық айқас болды демес едім. Жеке ойым: "Оренбург" құлшынып, жеңіске ұмтылмады, аса бір ынта байқамадым. "Спартак" тырысты, олардың жеңісі заңды. "Оренбургте" оңтайлы сәттер көп болды, пайдалана алмады.

Ал Қуаттың ойнағаны ұнады. Үлкен жұмыс атқарды және тырысып, допты үнемі алға жіберетіні көрініп тұрды. Біз әлі жүзбе-жүз кездеспедік, ол маған жазған еді, әрине кейінірек жолығамыз. Матчке де қазақ ойнағандықтан келдім. Қатаң ойнайды дейсіз бе? Бұл туралы білмеппін, жақында танысамыз, тілдесерміз", - дейді Ысмағұлов.