Футбол
Бүгін 09:31

Матч соңындағы гол Кот-д'Ивуар - Норвегия кездесуінің жеңімпазын анықтады

©

Норвегия құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кот-д'Ивуарды ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Далласта өткен кездесу скандинавиялықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Матчтағы есеп 39-минутта ашылды. Норвегиялық вингер Антонио Нуса қапталдан орталыққа қарай ойысып, айып алаңы сыртынан қақпаның жоғарғы бұрышына дәл соқты.


Кот-д'Ивуар құрамасы 74-минутта есепті теңестірді. Гол авторы – Амаду Диалло.


Алайда кездесудің соңғы сөзін Эрлинг Холанд айтты. Ол 86-минутта жеңіс голын соғып, Норвегияны турнирдің келесі кезеңіне алып шықты.


Осылайша, Норвегия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Жапонияны ұтқан Бразилиямен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport