"Матч соңында...". Адиев Өзбекстан мен Қазақстан ойыны жайлы

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Өзбекстанмен жолдастық ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас елдер. Сондықтан бізді достық дербиі күтіп тұр деп айтуға болады. Алайда ойын кезінде барлығы ұмытылады. Футболшылар жеңіске жету үшін аянып қалмайды. Біз қысқа уақыт аралығында дайындаған тактикаларымызды жүзеге асырсақ деген ойымыз бар. Нәтижесі қалай болатынын матч соңында көреміз", - деді Адиев.

Еске салайық, 16 қараша күні Ташкенттің "Пахтакор" стадионында Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары жолдастық ойын өткізеді. Матчты Астана уақытымен 19:00-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар