Футбол
Бүгін 09:12
 

Матч соңына дейін 1:3 болып ұтылып жатқан "Реал" керемет камбэк жасады

  Пікірлер

blog.share

Матч соңына дейін 1:3 болып ұтылып жатқан "Реал" керемет камбэк жасады ©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда сырт алаңда италиялық "Романы" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда сырт алаңда италиялық "Романы" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Римде өткен кездесу "корольдік клубтың" 4:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Алайда мадридтіктер 83-минутқа дейін 1:3 есебімен ұтылып жатқан еді.

Матчтың 20-минутында "Рома" жартылай қорғаушысы Мартен де Рон есеп ашты. Араға бес минут салып, мадридтік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе есепті теңестірді.

Екінші таймда алаң иелері бастаманы өз қолына алды. 51-минутта шабуылшы Дониэлл Мален гол соқса, араға жеті минут салып дубль жасады.

Алайда беріле салмаған "Реал" матч соңына қарай есепті өзгерте алды. 83-минутта Карлос Эспи гол соқты, ал екі минуттан кейін Эндрик таразы басын теңестірді. 90-минутта испаниялық клубтың қорғаушысы Антонио Рюдигер командасына жеңіс сыйлады.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда "Рома" 20 қазанда братиславалық "Слованмен" кездеседі. Ал "Реал" 21 қазанда "РБ Лейпцигке" қарсы ойнайды.

Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы - "Пари Сен-Жермен".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!