Масудовтың ҚПЛ командасындағы болашағы белгілі болды

©"Шахтер" ФК

Қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері Вахид Масудов клубтан кетеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. 

Тәжірибелі маман "кеншілердің" тізгінін биыл жазда ұстаған болатын. Масудовтың бастамасымен "Шахтер" ҚПЛ-дің өткен маусымында жетінші орын алып, Қазақстан кубогінде ширек финалға дейін жетті. 

Енді қысқы трансферлік кезеңде қарағандылық команда жаңа бас бапкер іздейді. 

Дегенмен Масудов 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала береді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар