Футбол
12 сәуір 2021 11:28

Мәскеулік шенеунік "Қайраттың" командасы Ресейде ойнайтынына қатысты пікірін білдірді

Сурет: "Қайрат" ФК

Мәскеу облысының спорт министрі Роман Терюшков Красногорскте қазақстандық "Қайрат" негізіндегі команда пайда болуы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді. 

Қазақстандық команда КФЛ-де ойнайды, ал клуб басшылығы ауданда жаңа стадион салатыны хабарланған еді.

"Әзірге біздің "Зоркий" стадионы мен барлық инфрақұрылымды жалға алу бойынша келіссөздер өтіп жатыр. Әлі нақты шешім жоқ. Егер команда болса, КФЛ-де ойнайтын шығар. 

Мұның алдында КФЛ-де ойнайтын команданы Кирилл Кекер жаттықтыратыны, ал оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектесетіні хабарланған. Команда негізінен "Қайраттың" жастар құрамынан - "Қайрат-Жастар" футболшыларынан құралмақ.