Мәскеулік ЦСКА ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасына шақырту алды деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Алайда ескерту қағазының көптігінен ол 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудегі Франциямен 14 қарашадағы ойынға қатыса алмайды. Дегенмен футболшы 16 қараша Нұр-Сұлтанда өтетін Тәжікстанмен жолдастық кездесуге қатыса алады.
23 жастағы Бахтиер мәскеулік клуб үшін РПЛ-де тоғыз матчке қатысып, бір гол салды.