Мәскеулік "Қайраттың" қазақстандық шабуылшысы ресейлік клубтардың назарын аудартты

Вячеслав Швырев. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Мәскеулік "Қайрат" командасы сапында өнер көрсететін Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Вячеслав Швырев карьерасын ресейлік клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 20 жастағы шабуылшы Ресейдің Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін бірнеше командасының назарына іліккен. 

"Кәсіпқой футбол лигасының маусымын жақсы бастағаннан кейін Швырев Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін бірнеше командалардың назарын өзіне аудартты. Олардың қатарында "Ростов" командасы да бар", - деп жазады дереккөз. 

Еске салайық, Швырев "Мәскеу-Қайрат" сапында сапында төрт кездесу өткізіп, төрт гол соқты. Сондай-ақ ол Ресей кубогінде үш ойынға қатысып, төрт мәрте көзге түсті. 

20 жастағы Швырев карьерасын 2018 жылы алматылық "Қайрат" сапында бастаған. Ол Қазақстан чемпионатында 28 кездесуге қатысып, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: