"Қайрат-Мәскеу" командасы жойылады, деп хабарлайды Sport24.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, себеп қаржылық қиындықтар.
"Клубтың жабуылуына себеп келесі маусымға жеткілікті бюджеттің болмауы. Қазақстандағы клуб иесінде жағдай қиын.
Өкінішке қарай, демеушілер де табылмады.
Қазақстандық жігіттер үйлеріне оралды, енді олар "Қайратпен" болашағын талқылайды. Ал өзгелері басқа клуб іздейді.
Қалай дегенмен бәріне сәттілік!", - деп береді клубтың баспасөз атташесінің сөзін команданың ресми сайты.