Футбол
Бүгін 09:41

Масқара болған "Реал" бірден төрт ойыншыны сатып құртпақ

© Instagram/vinijr

Испания Кубогында екінші лигада ойнайтын "Альбасетеден" ұтылғаннан кейін Альваро Арбелоа "Реалда" күрделі жағдайға тап болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңілістен бөлек, клуб басшылығын бірқатар ойыншылардың алаңдағы сенімсіздігі, төмен мотивациясы мен жанкештіліктің болмауы қатты алаңдатқан.

Көзге түрткі болып тұрғандар

Fichajes.net мәліметінше, негізгі назар Винисиус, Эдуарду Камавинга, Андрей Лунин және Фран Гарсияға ауып тұр. Клуб олардың деңгейі мен қарым-қатынасы "Реалдың" талаптарына сай емес деп есептейді және олар бойынша трансферлік ұсыныстарды қарастыруға дайын. Бұған дейін "сатылмайтын" деп есептелген футболшылар да енді қысым көруде.

Команданың қазіргі ахуалы

Сондай-ақ, Дин Хёйсен мен Арда Гюлердің ойыны да көңілден шықпаған, алайда, олар жас болғандықтан, басшылық олардың жауапкершілігін ішінара жеңілдетіп отыр. Алайда команданың физикалық және психологиялық дайындығы негізгі мәселе болып қалып отыр, ал ұжым ішіндегі сенім әлсіреген.

Ла Лига - шешуші сынақ

Алдағы Ла Лигадағы матч бетбұрыс кезең болмақ. Арбелоа шұғыл өзгеріс қажет екенін жақсы түсінеді, әйтпесе клуб трансферлік кезеңде алдын ала дайындалған қатаң қадамдарын жүзеге асырады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport