"Манчестер Юнайтед" Англия футбол чемпионатының 12-тур матчінде "Эвертоннан" ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Манчестердегі "Олд Траффорд" стадионында өтті және қонақтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның жалғыз голын 29-минутта ливерпульдіктердің жартылай қорғаушысы Кирнан Дьюсбери-Холл соқты.
Бұл кезде "Эвертон" 13-минуттан бастап аз құрамда ойнады - жартылай қорғаушы Идрисса Гейе командаласы Майкл Кинмен жанжалдан кейін қызыл қағаз алды. Екі ойыншының арасында қақтығыс болып, Гейе Кинді шапалақпен тартып жібергеннен кейін алаңнан қуылды.
Осылайша, "Манчестер Юнайтед" АПЛ тарихында алғаш рет "Олд Траффорд" стадионында көпшілік құрамда ойнап, ұтылып қалды.
Бұған дейін манкуниандықтар қарсылас команда ойыншылары алаңнан қуылған матчтерде 36 жеңіс пен 10 тең нәтижеге қол жеткізген.
Ал "Эвертон" 2013 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет сырт алаңда "Манчестер Юнайтедті" (1:0) ұтты. Екі команда чемпионатта ұпай санын теңестірді (18-ден). Манкуниандықтар турнир кестесінде 10-орында, "Эвертон" 11-орында келеді.