Мәселе тек ақшада емес! Куман Мессидің "Барселонадан" неге кеткенін айтты

©"Барселона" ФК

"Барселона" командасының бұрынғы бас бапкері Рональд Куман Лионель Мессидің командадан не үшін кеткенін айтып берді, деп жазады Eurosport порталы. 

"Команда басшыларының өтінішімен, клубтың қаржылық жағдайын ретке келтіру үшін мен бірнеше футболшылардың кетуіне келісім бердім. Бірақ кейін команда 55 миллион еуроға футболшыны сатып алғанда бірдеңенің дұрыс болмағанын сезіндім. Өйткені, олар Мессиді ақша жоқ деп жіберді. Демек бұл жерде бір нәрсе шикі. Әтпесе олар неге Лионельдің кетуіне кедергі болмады?, - деді Куман. 

Еске салайық, қыста "Барселона" командасы "Манчестер Ситиден" Ферран Торресті 55 миллион еуроға сатып алды. 

Ал өткен жазда Лионель Месси болса ПСЖ командасына ауысып, "2+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар