Марокко - Португалия, Англия - Франция ойындарына трансляция

10 желтоқсан 2022 12:52
©twitter.com/Cristiano

Бүгін, 10 желтоқсан күні футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жартылай финалистері анықталады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

21:00-де Марокко мен Португалия кездессе, түнгі сағат 1:00-де Англия мен Франция арасындағы тартысты ойын бар.

Қос матчты да Qazsport пен Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осыған дейін турнирдің жартылай финалына Аргентина мен Хорватия командалары шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport