Марокко ойыншысы ФИФА басшысының "арам" пиғылын әшкере етті
Футболдан Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін матчтен кейін ФИФА басшысы Джанни Инфантиноға дауыс көтерген екен, деп хабарлайды "Чемпионат".
Футболдан Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін матчтен кейін ФИФА басшысы Джанни Инфантиноға дауыс көтерген екен, деп хабарлайды "Чемпионат".
Қола үшін ойында марокколықтар 1:2 есебімен Хорватиядан ұтылды. Ойын аяқталысымен африкалық команда ойыншылары бас төрешіге наразылықтарын айтқан. Ал Хакими тіптен трибуна астындағы бөлмелердің бірінен ФИФА басшысын тауып алып, жеңілісіне ұйымды айыптаған көрінеді.
Осыдан кейін Хакимиді шешінетін орынға алып кеткен. Ал Инфантино өзін өте байсалды ұстапты. Хакимидің ашуына себеп, екінші таймда Хорватия қақпасына пенальти белгіленбеуі болған екен.
Швециялық SVT Sports арнасының журналисті Йохан Кючюкаслан оқиғаның мән-жайын айтып берді.
"Хакими өте қатты сөйледі. Оның айтқаны: "Екінші матч қатарынан бізге қарсы істеп отырсыңдар, не болып жатыр?". ФИФА қызметкерлері түсірген суреттерімізді өшіруін сұрады. Әлбетте бұл олар үшін жайсыз оқиға, бірақ он шақты журналист тұрып, мұны жасырып қалады деп ойлау аңқаулық.
Осыдан кейін Инфантино трибуна астынан шықты, ал көпшілік оған наразылығын білдіріп, ысқырды, шулады. Бұл Инфантино үшін жағымды емес, алайда ол бұл жағдайда кәсіпқойлық танытты", - деп береді Кючюкасланның сөзін SVT.
Жарнама