Футбол
14 қараша 2022 14:37

Марокко құрамасының футболшысы әлем чемпионатының алдында жарақат алды

©twitter.com/FabrizioRomano

Франциялық "Марсель" командасының футболшысы Амин Арит 15-турда "Монакоға" (3:2) қарсы кездесу барысында жарақат алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

25 жастағы футболшы екінші тайм барысында жарақат алды. Аритті дәрігерлер зембілмен алып кетті. Оның жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз. 

Арит Марокко құрамасының әлем чемпионатына баратын футболшылар тізіміне енген болатын. Топтық кезеңде бұл құрама Бельгия, Канада және Хорватияға қарсы ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport