Футбол
Бүгін 11:47

Марокко ӘЧ-2026-ның 1/8 финалында Нидерландыны жарыстан ұшырды

©depositphotos/DURAOFOTO

Марокко құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финал кезеңінде Нидерланды командасын жарыстан шығарып тастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексиканың Гуадалупе қаласындағы "BBVA" стадионында өткен кездесу негізгі және қосымша уақыттан кейін 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

Екінші таймның 72-минутында "Ливерпуль" шабуылшысы Коди Гакпо айып алаңында допты қабылдап, қақпаның ортасына дәл соққы жасап, Нидерландыны алға шығарды.


Алайда "қызғылт-сарылар" жеңісті есепті матч соңына дейін сақтай алмады. Қосылған уақыттың бірінші минутында Исса Диоп жақын қашықтықтан баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді - 1:1.


Қосымша уақыттағы екі таймда да есеп өзгерген жоқ. Ал матчтан кейінгі пенальти сериясында марокколық футболшылар дәлдік танытып, келесі кезеңге жолдама алды.

Енді Марокко ширек финал жолдамасы үшін Канада құрамасымен кездеседі. Канадалықтар бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасын жарыс жолынан шығарған болатын. 1/8 финал кездесуі 4 шілде күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Парагвай құрамасы да пенальти сериясында Германияны жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өткен еді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport