Футбол
8 наурыз 2022 16:32
 

Маркус Рэшфорд мансабын Францияда жалғастыруы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Маркус Рэшфорд мансабын Францияда жалғастыруы ықтимал ©

ПСЖ клубы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы іздеп жатыр. Француз футболшысы жазда командадан кетуі мүмкін.

blog.share

ПСЖ клубы Килиан Мбаппені алмастыратын ойыншы іздеп жатыр. Француз футболшысы жазда командадан кетуі мүмкін.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, париждік клуб Мбаппе "Реал Мадридке" кеткен жағдайда, "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Маркус Рэшфордты қатарға қосуы мүмкін. Алайда қос тарап әзірге келіссөздер жүргізген жоқ.

Рэшфордтың өзі де болашағына қатысты түрлі нұсқаларды қарастыруда, бірақ, бұл уақытты қажет етеді. Оның манчестердік клубпен қазіргі келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, 23 жастағы Мбаппенің ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың жазында аяқталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!