Марқұм болған Марадона қызды зорлады деп айыпталуда

©Reuters

Кубалық ару Мавис Альварес Рего аладоп аңызы Диего Марадона өзін зорлады деп айыптады. Бұл туралы "Матч ТВ" хабарлады. 

Регоның айтуынша, бұл жағдай 2001 жылы ару 17 жаста болған кезде Кубада болған. Бұл ару Аргентина құрамасының капитанымен кездесу өміріндегі ең жаман сәт екенін мәлімдеді. 

"Мен айқайлап, көмек шақырмау үшін Марадона менің аузымды жауып тастады. Ол мені мазақ етті. Сол күні Гаванаға менің анам келген еді. Анам есікті бірнеше рет қақты. Бірақ Диего ашпай қойды. Марадона мені зорлады", - деп келтіреді арудың сөзін Infobae басылымы.

Сонымеен қатар, Рего Марадона еріктен тыс Аргентинаға алып кетіп, қамауда ұстағанын айтты. 37 жастағы әйел қазіргі уақытта Буэнос-Айреске келіп, адам сату мәселесі бойынша сотқа қатысуда. Ол осыдан 20 жыл бұрын футболшының Кубада алып жүрген бес адамға айып таққан. 

Еске салайық, Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасында жүрегі тоқтап, өмірден озды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар