"Астана" клубының қорғаушысы Марк Гурман "Қызыл-Жармен"мәмілеге келді, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
Ақпан айында 33 жасқа толатын футболшы елордалық клубтан кетіп, мансабын "Қызыл-Жарда" жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, "Астана" Гурманды командада қалдырғысы келмеді және оның орнына жаңа ойыншы іздей бастады.
Гурман Премьер-лиганың өткен маусымында 12 ойын өткізді. Сондай-ақ, Конференция лигасында екі ойынға қатысты.