ЦСКА клубының бұрынғы ойыншысы Владимир Пономарев Марио Фернандестің Ресей құрамасында ойнаудан бас тартуына орай пікір білдірді.
"Марионың кесірінен құрама қақпасына қаншама гол кірді. Ол ешқандай да әулие емес. Неге сонша ол футболшыны әулие көресіңдер? Ол футбол ойнай алмайды. Ол барып тұрған – алаяқ! Бразилиялықтар оны бекерден бекер басты командасына алмай қойған жоқ. Себебі олар (бразилиялықтар) ақымақ емес", - дейді Пономарев "СЭ" басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Марио Фернандес 2012 жылдан бері мәскеулік ЦСКА-ның намысын қорғап келеді. 2017 жылдан бастап Ресей құрамасының сапында бразилиялық қорғаушы 33 матчта 5 гол соққан. Бүгін белгілі болғандай, Марио Фернандес Ресей құрамасындағы карьерасы аяқталғаны туралы хабарлады.