"Манчестер Ситидің" жаңа бас бапкері Энцо Мареска жаңа маусымда команданың негізгі шабуылшысы кім болатынын таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мареска Холандқа сенім артады
Италиялық маман бұл міндетті Эрлинг Холандқа жүктеді. Қазіргі таңда норвегиялық футболшы "Манчестер Сити" құрамындағы жалғыз орталық шабуылшы.
Жазда "қалалықтар" Омар Мармушпен қоштасты. Мысырлық ойыншы Лондонның "Тоттенхэм" клубына жалға берілді.
Холандты кім ауыстыратын боалды?
The Touchline мәліметінше, осы маусымда Холандтың орнын басатын қосалқы ойыншы Антуан Семеньо болады.
Мареска норвегиялық шабуылшыға демалыс қажет болған кезде ганалық футболшыны шабуыл шебінің ортасына шығарады. Семеньоның өзі де "Манчестер Ситиде" қосалқы шабуылшы рөлін атқаруға дайын.
Семеньоның "Ситидегі" алғашқы маусымы
Айта кетейік, Антуан Семеньо көбіне қапталда ойнайды, алайда орталық шабуылшы позициясында да тәжірибесі бар. 26 жастағы футболшы қаңтар айынан бері "Манчестер Сити" сапында 30 матч өткізіп, 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Ал Эрлинг Холанд өткен маусымда "Манчестер Сити" құрамында барлық турнирде 52 ойынға қатысып, 38 голдың авторы атанды.
Жарнама