Марапаттау алдында алаңаға жанкүйерлер жүгіріп шыққаны үшін "Астанаға" айыппұл салынды

© "Астана" ФК
Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіптік комитеті "Астана" клубына жанкүйерлерінің ұнамсыз әрекеті үшін айыппұл салды, - делінген ұйым сайтында. 

Осылайша, астаналық команда 100 АЕК (250 мың теңгеден аса) төлейді. Бұл Нұр-Сұлтанда өткен ҚПЛ матчінен кейін команда чемпиондық тондо алуға дайындалып жатқанда болған оқиғаға байланысты. Айыппұл 14 желтоқсанға дейін төленуі тиіс. 

Жаңалықтар