Футбол
26 қараша 2020 11:31

Марадонаның көз жұмар алдында айтқан соңғы сөзі белгілі болды

Сурет: Getty Images

Бұрыңғы аңыз футболшы және Аргентина құрамасының бапкері Диего Марадонаның соңғы рет не айтқаны белгілі болды. Todo noticias телеарнасының ақпаратынша, футболшы көз жұмар алдында жағдайының нашарлағанын айтқан. 

Марадона үйінде жиені Джонни Эспосито, психолог және мейіргермен бірге болған. "Жағдайым нашарлап тұр", - деп таңғы астан кейін осы сөзді ғана айтып, ол өз бөлмесіне жатуға кеткен екен.

Кейін үйдегі медицина қызметкері жедел жәрдем шақырған, алайда, дәрігерлер келгенде Марадона тыныс ала алмай қалған. Оған жансақтау амалдарын жасағанымен, дәрігерлер қолынан ештеңе келмеген. 

Ал Марадонаның ұлы Диего Синагра жансақтау бөліміне түскен. 34 жастағы Синаграның коронавирус салдарынан денсаулығы нашарлаған. Ал әкесінің дүниеден озғаны жайлы ол өзінен пікір алмақ болған "сары басылым" қызметкерінен естіген.