Марадонаның дәрігері футболшыны абайсызда өлтірді деп айыпталды

Сурет: championat.com

Диего Марадонаның дәрігері Леопольдо Луке футболшыны абайсызда өлтіріп алды деп айыпталды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" аргентиналық Telam агенттігіне сілтеме жасап.

Дәрігердің үйі мен клиникасында тінту шаралары жүріп, Марадонаның ауруына байланысты құжаттар тәркіленген. Қазіргі таңда науқасқа лайықты назар аудармау және жұмысына салақтық дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Медбике Даяна Гисела Мадридке де қатысты тергеу жүріп жатыр, ол жауап алу кезінде 07:30-да Марадонаның бөлмесінен шығып жатқан дауысты естігені туралы жалған ақпарат берген. Ол футболшыны тексеруге кірген-кірмегені және қажет дәрі-дәрмек берген-бермегені анықталатын болады.

Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болған. Аргентинада үш күнге жалпыұлттық қаралы күн жарияланған. ХХ ғасырдың үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айресте ата-анасы жерленген "Хардин Белла-Виста" зиратында жер қойнына тапсырылды.

Жаңалықтар