Марадона заманынан бері алғаш рет. "Наполи" 33 жыл өте Италия чемпионы болды

©Sports.ru

"Наполи" 33 жылдан кейін қайтадан Италия чемпионатын (А сериясы) жеңіп алды. Бұл 33-турдағы "Удинеземен" тең ойыннан кейін болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Удина қаласындағы "Дачия Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң қожайындарынан Санди Ловрич (13-минут), ал қонақтардан Виктор Осимхен (52) гол салды.

Осылайша, Лучано Спаллетти жаттықтыратын команда 80 ұпай жинап, чемпионат аяқталарға бес тур қалса да, бәскелестеріне жеткізбейтін дәрежеде.

"Наполи" өз тарихында үшініш рет Италия чемпионы (1986/87, 1989/90, 2022/23) атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport