Марадона "Астананы" Чемпиондар лигасынан ұшырған "Динамо-Брест" жеңісіне пікір білдірді

Сурет: Football.ua
Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона "Динамо-Брест" клубын Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундында "Астананы" ұтуымен "құттықтады". 

Командалар арасындағы ойын Брест қаласында өтіп, 6:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Марадона 2018 жалы "Динамо-Брест" клубының президенті болған еді. 

"Брест" стадионында өткен сұмдық матчте біздің команда сенімді жеңіске жетті!", - деп жазылған клубтың Instagram желісінде.

Жазба астындағы пікірлерге Марадона қол шапалақтаған эмодзи қалдырған.