Мануэль Нойер Германия әлем чемпионатынан шығып қалғаннан кейін құрамадағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
40 жастағы қақпашы турнир басталар алдында-ақ 2026 жылғы әлем чемпионаты ұлттық құрамадағы соңғы жарысы болатынын мәлімдеген еді.
Нәтижесінде оның Германия құрамасындағы соңғы кездесуі ӘЧ-2026 1/16 финалында өтті. Бұл матчта бундестим Парагвайға пенальти сериясында есе жіберіп, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Нойер Германия құрамасының намысын 2009 жылдан бері қорғап келді. Ұлттық құрама сапында ол 2014 жылғы әлем чемпионы атанып, неміс футболының басты жетістіктерінің біріне үлес қосты.
Тәжірибелі қақпашы әлем чемпионаттарында жалпы 23 матч өткізді. Бұл – мундиальдар тарихындағы қақпашылар арасындағы ең үздік көрсеткіш.
Жарнама