"МанСитимен" қарымта алдында төбелес "Баварияны" біріктіреді - Гвардиола

©gol.ru

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола "Бавария" футболшылары Садио Мане мен Лерой Зане арасындағы жанжал туралы ойын айтты. 

Еске салайық, Чемпиондар лигасы мачтінде германиялық клуб "МанСитиден" 0:3 есебімен ұтылғаннан кейін, Мане шешінетін орында Занені ұрып жіберген

"Кейде команда бірігу үшін осындай жанжалдар қажет. Бұл бізге қарсы әлсіздік емес, күш болады! Мен ол клубты жақсы білемін, "Манчестер Ситимен" қарымта алдында ондағы жағдайды анық елестете аламын. Егер мен сол командада болып, 0:3 есебімен ұтылсақ, оның үстіне бір жанжал туындаса, команда мұны доғарайық жетер, біз ес жинайық және не істеу керегін білеміз дер еді", - деп береді Гвардиоланың сөзін Sport Bild.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport