"МанСити" трансферге 332 миллион дайындап қойды

Сурет: Soccernews.ru
The Athletic инсайдері, "Манчестер Сити" туралы жазатын Сэм Ли клубтың трансферлік бюджеті туралы айтып берді, - деп хабарлайды Eurosport.

"Командаға расымен жақсы футболшылар жиналды. Енді бәрін ретке келтіретіндей теңшеу керек. Осы маусымда "МанСити" жұмсауға дайын сұмдық бір сомма - 332 миллион еуро  туралы естідім.  Әлбетте бұл 332 миллионда - ойыншыларды сатудан түсетін табыс та бар. Клуб Лерою Сане бойынша да жақсы кіріс көреді", - дейді Ли "Why Always We?" подкастында.

Шілдеде "Манчестер Сити" қаржылық фэйр-плейді бұзғаны үшін Чемпиондар лигасынан шығарыла жаздады.