Футбол
15 қаңтар 2019 11:35
 
"МанСити" шабуылшысы бар жылдамдықпен штангаға баспен соғылды

  Пікірлер

blog.share

"МанСити" шабуылшысы бар жылдамдықпен штангаға баспен соғылды © PA

"Манчестер Сити" Англия чемпионаты 22-туры матчінде "Вулверхэмптонды" өз алаңында ойсырата жеңді.

Кездесу Манчестердегі "Этихад" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Габриэл Жезус (10-шы және 39-шы минуттарда, екіншісі пенальти) дубль жасады. Үшінші голды 78-ші минутта Конор Коуди соқты. 

"Вулверхэмптон" 19-шы минуттан бастап бір футболшы кем ойнады: қорғаушы Вилли Боли бірден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бір қызығы Жезус матчті жалғастыра алмай қалуы мүмкін еді. Шабуылдардың бірінде ол бар жылдамдықпен қарсыластар қақпасының штангасына соғылып, діңгегін иіп те жіберді. Осыдан кейін бразилиялық біраз жатып, қайта тұрды да, дубль жасады. 

"Манчестер Сити" 53 ұпаймен Англия чемпионатында екінші, көшбасшы болып тұрған "Ливерпульден" төрт ұпай артта. "Вулверхэмптон" 29 ұпаймен 11-ші келеді.

Жарнама

Живи спортом!