"МанСити" ойын алдында "Ливерпуль" командасына чемпиондар дәлізін жасады

Сурет: Football.ua
Англия премьер-лигасының 32-ші турындағы матч алдында "Манчестер Сити" футболшылары "Ливерпуль" командасына чемпиондар дәлізін ұймдастырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Манчестерліктер жеті тур бұрын Англия чемпионы атанған мерсисайдтықтарға қол шапалақтап, қошемет көрсетті.

Айта кетейік, АПЛ-де екінші келе жатқан "Манчестер Сити" осы матчте чемпионды ойсырата жеңді - есеп 4:0.