Футбол
23 қараша 2021 20:18
 

"Мансабымдағы ең үлкен қадам". Елордалық клуб тізгінін ұстаған Благоевич жоспарымен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

"Мансабымдағы ең үлкен қадам". Елордалық клуб тізгінін ұстаған Благоевич жоспарымен бөлісті "Астана" ФК ©

Елордалық "Астананың" су жаңа бас бапкері Срджан Благоевич алғашқы ресми сұқбатын өткізіп, жаңа командадан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Елордалық "Астананың" су жаңа бас бапкері Срджан Благоевич алғашқы ресми сұқбатын өткізіп, жаңа командадан не күтетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Оның айтуынша, клубты алда көп жұмыс күтіп тұр.  

"Жылы тілектеріңіз үшін рақмет. Бұл мен үшін үлкен қадам және прогресс деп санаймын. "Астананың" бас бапкері болғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін үлкен сынақ. Біздің жаттықтырушылар штабы "Астанаға" жаңа нәрсе береді, ал клуб өз кезегінде маған жаттықтырушы ретінде ілгерілеуге көмектеседі деп сенемін.

Біз басшылықпен жоспарлар туралы сөйлестік. Бәрін нөлден бастаймыз деп айта аламын. Бізді үлкен жұмыс күтіп тұр. Қандай тұсымызды жақсарту керектігін талдаймыз. Белгілі бір жұмыстан кейін қандай мақсат қоятынымызды, не істеуіміз керек екенімізді айта аламыз. "Астананың" үлкен клуб екені баршаға белгілі. Олар әрқашан тек жоғары мақсаттар қояды", — деді Благоевич мырза.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" бірнеше апта бұрын ресейлік маман Андрей Тихоновпен қош айтысқан болатын. Ал Благоевич тағайындалғанша команданы уақытша Владимир Ежуров тізгіндеді. Оның басшылығымен елордалық клуб Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Қайраттан" (3:0) жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!