"Мәңгі жадымда". Роналду карьерасындағы ең үлкен жеңісті атады

©twitter.com/Cristiano

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду кареьрасындағы есте қалған ең маңызды сәтті атады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Sports.ru порталына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 2013/14 маусымындағы Чемпиондар лигасында болған екен. 

"Мадридтік "Реалда" әрдайым Чемпиондар лигасы туралы ойлайды. Жыл сайын қысым артып отырды, бірақ "Десима" (10 рет ұту) біз қалағанымызға жеткен сәт болды. Ең үлкен жеңіс. 

"Реалмен" бірге жеткен "Десима" - менің есімде мәңгі қалатын сәт, оны ешқашан ұмытпаспын. 

"Реалмен" келісімшартқа отырсаңыз, Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге құштарлық бойыңызды билеп алады, оныншы рет жеңіске жетуге бәрі құштар болды. Бұл ең ерекше сәт, ол менің отанымда Лиссабонда болды.

Әр жанкүйердің де қалағаны осы болды. Бәріміз қаладық. Мен өз клубыммен ең беделді жүлдені жеңіп алдым, бұл әрдайым жадымда болады", - дейді Роналду. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport