Сенегалдық жартылай қорғаушы Садио Мане "Ливерпуль" сапында 70-ші голын салды,- деп хабарлайды Football on BT Sport.
Бұл көрсеткіш бойынша ол клубтың бұрынғы шабуылшысы Луис Суарестен асып түсті (69 гол). Сонымен бірге, Мане "Ливерпульдің" үздік сұрмергендері тізімінде бесінші болды. Ондағы бірінші орында Робби Фаулер - 128 гол, екінші Стивен Джеррард - 120, одан кейін Майкл Оуэн (118) және Мохамед Салах (87).
Еске салайық, Мане "Тоттенхэммен" жеңісті матчте гол салды және екі ассист жасады.