"Манчестер Юнайтед" футболшысы Мейсон Гринвуд қамауға алынды, деп жазады Sport24 порталы.
21 жастағы шабуылшы өзінің бұрынғы қызы Гарриет Робсонды зорлады деген айыппен қамалып, сот шешімін күтіп жатыр.
Негізі Гринвуд ақпан айының басында кепіл төлеп, бостандыққа шыққан. Бірақ сенбі күні полиция оны қайтадан қамауға алған.
Футболшы "МЮ" жаттығуынан шеттетілген. Дегенмен ол манчестерлік командадан әлі күнге дейін айлығын алып отыр. Соңғы рет ол клуб сапында қаңтар айында ойнады.