Қостанайлық "Тобыл" командасының сербиялық жартылай қорғаушысы Зоран Тошич карьерасын "Ақтөбеде" жалғастыруы мүмкін, деп жазады Meta-ratings.kz порталы.
35 жастағы футболшының өкілдері қазіргі уақытта келіссөз жүргізіп жатыр. Егер келіссөз сәтті өтсе, Тошич "Ақтөбе" сапына ауысады,
Еске салайық, жартылай қорғаушы "Тобылға" 2021 жылдың жазында ауысты. Жалпы Тошич қостанайлық команда сапында 48 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, 13 мәрте нәтижелі пас берді.
Бұған дейін ол ағылшынның "МЮ" және Мәскеулік ЦСКА командаларының намысын қорғады.