"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы "Рейнджерске" ауысты

©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Амад Диалло шотландиялық "Рейнджерс" командасына ауысты. Бұл туралы англиялық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Ойыншы шотландиялық клубқа жалға берілді. 19 жастағы футболшыны сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Осы маусымда Диалло бір ғана матчқа, дәлірек айтсақ, Чемпиондар лигасында "Янг Бойзбен" болған ойынға қатысты.

"Мен Амадтың біздің командаға қосылғанына қуаныштымын. Ол маған бұрыннан таныс ойыншы. Оны қатарға қосу мүмкіндігі туындағанда еш ойланбадық. Ол біздің командаға көп нәрсе бере алады және шабуыл шебіндегі бәсекелестікті арттырады", - деді "Рейнджерстің" бас бапкері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: