"Манчестер Юнайтедтің" жаңа бас бапкері "Челсидің" ойыншысына көз тікті

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" командасының жаңа бас бапкері Эрик тен Хаг "Челсидің" жартылай қорғаушысы Мейсон Маунтқа көз тікті. Бұл туралы The Sun хабарлады. 

Эрик тен Хаг ағылшындық жартылай қорғаушыны "Витесс" сапында жалда ойнап жүрген кезде байқаған. Содан бері бапкер Маунттың карьерасын мұқият бақылап келеді. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 23 жастағы футболшының "Челси" командасымен келісімшарт ұзарту мәселесі қиын өтіп жатыр екен. Осы жағдайды "МЮ" пайдаланып, оны өз қатарларына қосып алуға ниетті. 

Маунттың "Челси" командасымен қазіргі келісімшарты екі жылдан кейін аяқталады. Бірақ футболшы мен клуб осы аптада кездесіп, жаңа келісімшарт туралы сөйлескен, алайда, бір бітімге келе алмаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport