"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы қақпашысы "Бока Хуниорсқа" ауысты

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" футбол клубының бұрынғы қақпашысы Серхио Ромеро "Бока Хуниорс" сапына ауысты, деп жазады инсайдер Фабрицио Романо. 

35 жастағы аргентиналық футболшы жаңа командасына еркін агент ретінде ауысты. Келісімшарт мерзімі 2024 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.

Айта кетейік, Серхио Ромеро өткен маусымда италиялық "Венеция" сапында өнер көрсетті. Ал "Манчестер Юнайтедте" 2015 жылдан 2021 жылға дейін бақ сынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар