Футбол
11 қаңтар 2022 14:25
 

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы қазақстандық клубпен келіссөз туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы футболшысы қазақстандық клубпен келіссөз туралы айтып берді ©"Тобыл" ФК

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Зоран Тошич қостанайлық клубпен жаңа келісімшарт жүргізіп жатқаны туралы айтып берді. Бұл туралы "РБ Спорт" порталы жазды. 

blog.share

"Тобылдың" жартылай қорғаушысы Зоран Тошич қостанайлық клубпен жаңа келісімшарт жүргізіп жатқаны туралы айтып берді. Бұл туралы "РБ Спорт" порталы жазды. 

- Келіссөз жүріп жатыр. Жуырда мәселе шешіліп қалатын шығар. Нақтырақ айтсақ, келесі аптада бір шешім болады. 

- Қазақстандағы саяси жағдай сіздің шешіміңізге әсер етпей ме?

- Мен тек басылымдарда жазып жатқан нәрселерден ғана хабардармын. Менің білуімше, ол жақта митинг болған. Бірақ барлығы дұрысталып, қалыпқа келеді деп ойлаймын. 

- Сізге ұсыныс жасаған басқа да командалар болды ма?

- Егер "Тобылмен" келісе алмасақ, басқа клубтарды қарастырамыз. Бірақ мен келісімге келетінімізге сенімдімін. Сондықтан келесі аптаны күтейік. 

Айта кетейік, 34 жастағы Тошич "Тобыл" сапында 2021 жылдың сәуір айынан бері өнер көрсетіп келді. Оның келісімшарты 1 қаңтар күні аяқталды. Қостанайлық командамен бірге ол Қазақстан чемпионы атанды. 

Жалпы карьерасында Тошич "Партизан", "Манчестер Юнайтед" және мәскеулік ЦСКА сапында ойнаған. Сербия ұлттық құрамасы сапында ол 76 кездесу өткізіп, 11 гол салған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!